Сәрсенбі, 16 Қыркүйек 2026
5520 0 пікір 30 Шілде, 2019 сағат 15:53

Қармақшы ауданында құс етін өндіретін кәсіпорын ашылады

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ақтөбе ауылында құс етін өндіретін жеке кәсіпорын іске қосылмақ. Бүгінгі таңда аталған кәсіпорынның құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде,- деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Жобаның жылдық қуаттылығы 1 жарым мың тонна құс етін өңдеуге арналған. Айта кетейік, бұл кәсіпорын облыста құс етін өндіретін тұңғыш фабрика болып отыр. Мұнда 50-ден аса ауыл тұрғынын еңбекпен қамтылады деп жоспарланған.

– Қармақшы ауданында іске асырылып жатқан инвестициялық жобамыздың бірі-«Ақтөбе и Компания» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қуаттылығы жылына бір мың бесжүз тонна құс етін өндіретін осы құс фабрикасы. Жобаның жалпы құны 1,9 миллиард тенгені құрайды. Зауытты орналастыру үшін 20 гектар жер телімі аукционсыз берілсе, зауытты болашақта құрама жем түрлерімен қамтамасыз ету үшін 512 гектардай жер телімі де бөлінген болатын,- деп атап өтті Қызылорда облысы индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Жанар Берденова.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбе ауылы тұрғындарының басты табыс көзі күріш, мал және бақша шарушылығы.

Жақын күндері іске қосылатын жаңа кәсіпорын елді мекендегі жұмыссыздықты азайтуға сеп болмақ.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1255
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2784
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 905
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 853