Сенбі, 23 Қараша 2024
4375 1 пікір 9 Тамыз, 2019 сағат 10:34

Ақорда Қырғызстандағы оқиғаларды көрші елдің "ішкі шаруасы" санайды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстандағы оқиғаны көрші елдің ішкі шаруасы деп санайды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Құрманғали Facebook әлеуметтік желісінде жазды.

"Қазақстан президенті Қырғызстандағы болып жатқан жағдайды мұқият бақылап отыр. Мемлекет басшысы бауырлас көрші елдегі ахуал Қырғыз Республикасының ішкі шаруасы деп есептейді. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жағдай жуық арада елдің қолданыстағы заңы аясында шешілетініне үміттенеді" деп жазған Ақорданың баспасөз хатшысы.

7 тамызда Қырғызстанның Кой-Таш ауылында елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты тергеу орындарына күшпен жеткізу үшін алып кетуге барған қырғыз арнайы жасағына Атамбаевтың жақтастары қарсылық танытқан. Жанжал салдарынан, соңғы мәлімет бойынша, оқ тиген арнайы жасақтың бір қызметкері қаза тауып, 40-тан астам адам жараланған.

Атамбаев бұған дейін тергеу орындары қылмыстық іске байланысты жауап алу үшін үш рет шақыртқанда бармай қойған соң, арнайы жасақ Кой-Таштағы оның үйіне барған. 8 тамызда Атамбаев ұсталып, Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетіне жеткізілді.

Қырғыз бас прокуратурасы Атамбаевқа 2011-2017 жылдары билікте болған кезінде "жемқорлыққа барды", "қызмет бабын теріс пайдаланды", "заңсыз байыды" және "кәнігі баукеспе Азиз Батукаевты түрмеден заңсыз босатуға қатысты" деген сияқты жалпы саны бес айып таққан. Атамбаев ол айыптардың бәрін жоққа шығарып, өзіне қарсы істің саяси астары бар деп мәлімдеген.

Биыл мамырда Қырғызстан парламенті бұрынғы президентке тиіспеушілік туралы заңға өзгертулер енгізген. 27 маусымда парламент Атамбаевты экс-президент және тиіспеушілік мәртебесінен айырған соң тергеу орындары Атамбаевты жауап алуға шақыра бастаған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5473