Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2026
4888 5 пікір 4 Қыркүйек, 2019 сағат 19:23

Марат Тәжин Азия қаламгерлерімен кездесті

Бүгін Ақордада Қазақстан Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин Азия елдері қаламгерлерінің тұңғыш форумына қатысушылармен кездесті. 

Кездесуге Нобель сыйлығының номинанттары Оңтүстік Корея қаламгері Ко Ын, катарлық Моза аль-Мальки, моңғолиялық Гомбожавын Мэнд Ооёо, Әзербайжан халық жазушысы Анар Расуыл Рзаев, Ресей жазушысы Анатолий Ким, Қазақстанның халық жазушысы, ақын Олжас Сүлейменов бастаған бір топ қаламгер қатысты.

Кездесу барысында Марат Тәжин форум еліміздің астанасында ҚР Тұңғыш Президенті -  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен өтіп жатқанын айтты.

Мемлекеттік хатшы кездесуге қатысушылардың назарын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың форумда сөйлеген сөзінде айтылған негізгі тезистеріне және оларды іске асыру қажеттігіне аударды.

Қонақтар бірегейлі жоғары деңгейде және мазмұндық толыққанды ұйымдастырған шараға Қазақстан басшылығына, қазақстандықтардың жылы қабылдауына, сонымен қатар қызықты пікірсайыстарға ризашылық білдірді.

Кездесуге қатысушылар форум Азия елдерінің әдеби қауымдастықтары арасындағы өзара іс-қимылды нығайтатындығына сенім білдірді.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1161
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2687
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 802
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 776