Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
4468 5 пікір 5 Қыркүйек, 2019 сағат 11:27

Өзбекстан 1150 адамды азаматтықтан айыруы мүмкін

Өзбекстанның Мәскеудегі елшілігі отандастарын азаматтықтан айыратын тізімді жаңартты. Оған сәйкес, 1150 адам Өзбекстан азаматтығынан айырылуы мүмкін.

Қырғызстан елшілігі сайтында жарияланған мәлімет бойынша, 1066 адам, ал Қазақстан елшілігі сайтындағы ақпаратқа сәйкес, 1150 адам деп көрсетіліп тұр.

Тізімде көрсетілген азаматтар үш жылдан астам шетелде жұмыс істейтіні, бірақ бірде-бір консулдық есепке тұрмағаны айтылған.

Тізімде 947 этникалық қазақ, 84 орыс, 43 өзбек, 25 қарақалпақ және қырғыз, татар т.б. ұлт өкілдері бар. Олардың жас шамалары 21- 97 жас аралығында.

Мәскеудегі Өзбекстан елшілігі "Өзбекстан Республикасы азаматтары туралы" заңның 21-бабына сәйкес тізімдегі адамдар азаматтықтан айырылуы мүмкін екенін атап өткен.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 676
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 2660
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 1709