Жұма, 22 Қараша 2024
Экономика 7360 1 пікір 10 Қыркүйек, 2019 сағат 11:48

Қазақстандық кәсіпкерлер бизнесін Өзбекстанға көшіріп жатыр

Қазақстанда ұн шығаратын бірнеше компаниялар кәсібін Өзбекстанға көшірді. Осылай деп Forbes Kazakhstan 7 қыркүйекте мәлімдеді.

Қазақстандық компаниялар Өзбекстанда кәсіп жүргізу әлдеқайда жайлы деп есептейді.

Forbes Kazakhstan-ға сұқбат берген Қарағандыдағы ұн шығаратын "Mutlu" компаниясының директоры Дос-Мұқасан Тәукебаев елде ұн өндірушілерді қолдайтын бағдарлама жоқ дейді.

- Өзбекстан президенті ұн шығаратын компанияларды салықтан бес жылға босатты. Егер бізде орташа мөлше 14 процент болса, біз Өзбекстанға 4 процентпен 15 жылға несие бере аламыз. Қазақстанда электр энергия бағасы 20 теңге болса, Өзбекстанда - 10 теңге. Мұнан бөлек Өзбекстанда жұмыс күші екі есеге арзан, - дейді Дос-Мұқасан Тәукебаев.

"2007–2010 жылдары Қазақстан ұн экспорттау жағынан әлемдік көшті бастап тұрған. Бірақ түрлі себептермен Түркия басып озды. Қазір Өзбекстан бізді екінші позициядан итеріп тастайды. Бұл тіптен биыл болуы мүмкін", - деп болжайды Forbes Kazakhstan.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1452
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3216
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5244