Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
4192 0 пікір 20 Қыркүйек, 2019 сағат 15:00

Қырғыз президенті Жээнбеков Путинмен Орынборда кездеседі

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков 20 қыркүйекте Ресейге сапарлап барады. Орынбор қаласында ол Ресей президенті Владимир Путинмен кездеседі.

Бұл туралы ресейлік БАҚ Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковқа сілтеме жасап хабарлады. Президенттер жеке кездесу өткізеді. Бұл ақпаратты Жээнбеков баспасөз қызметі растады.

16 қыркүйекте Ресейде "Центр-2019" әскери оқу-жаттығулары басталды. Оған сегіз елден шамамен 128 мың жауынгер қатысады. Олардың арасында қырғыз сарбаздары да бар.

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков пен Ресей басшысы Владимир Путин соңғы мәрте биыл маусым айында кездескен. Сол кезде Жээнбеков Швейцарияға сапарынан қайтып келе жатып, аз уақыт Мәскеуде аялдаған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 959
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2461
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 663
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 639