Коммерциялық емес "Белый счетчик" тобының дерегінше, бірнеше сағатта Сахаров даңғылына кемінде 17 мың адам жиналған.
Митингіге оппозициялық саясаткер Алексей Навальный, Екатеринбургтің бұрынғы әкімі Евгений Ройзман, журналист Юрий Дудь және өзге танымал белсенділер қатысқан.
Митингіні ұйымдастырушылардың бірі Михаил Светов "Настоящее время" арнасына митингіге дайындалу кезінде полицияның сахна маңына қарай "белгісіз топты" жібергенін хабарлады.
"Біз қазір полициядан сол адамдарды алып кетуін сұрап жатырмыз, сахна маңында ондай адамдар жүрген кезде мұндағы азаматтардың қауіпсіздігіне жауап бере алмаймыз. Олардың кім екенін білмейміз" деді Светов.
Шілде айының соңында Мәскеу тұрғындары "рұқсат етілмеген митингіге" шығып, "тәуелсіз кандидаттарды қалалық дума сайлауына жіберуді талап еткен". Бұл акция кезінде полиция 1300-ден астам адамды ұстады. Екі күннен соң тергеу комитеті "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру" ісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл іс қоғамда "Мәскеу ісі" деген атпен белгілі.
"Мәскеу ісі" бойынша 20 адамға айып тағылды. Олардың кейбірін "полиция қызметкеріне күш көрсетті" деп айыптады. Көбі - 30 жасқа толмаған азаматтар. Полиция "арнайы жасақ өкілдеріне қарай қағаз стақан лақтыру, Росгвардия жасақтарының бас киімдерін шешуге тырысу" сияқты әрекеттерді "күш көрсету" ретінде бағалаған. "Мәскеу ісі" бойынша айыпталғандардың соңы үш жыл, алды он жылға сотталуы мүмкін еді. Қоғам қысымынан кейін бес айыпталушы ісі жабылып, қалған 15 адамға "жеңілірек" бап бойынша айып тағылды.
Abai.kz