Жұма, 22 Қараша 2024
4633 3 пікір 1 Қазан, 2019 сағат 10:40

АҚШ конгресі Трамп пен Путин әңгімесін жариялауды сұратты

АҚШ конгресі президент Дональд Трамптың түрлі президенттермен, оның ішінде Ресей президенті Владимир Путинмен әңгімесінің стенограммасын алуға тырыспақ. Бұл туралы америкалық NBC арнасына АҚШ конгресіндегі өкілдер палатасының барлау комитеті төрағасы Адам Шифф айтқан.

"АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігін қорғауымыз керек. Президенттің басқа мемлекет басшыларымен әңгімесінде, әсіресе Трамп "сайлау кампаниясы кезінде пайдасы тиер" деп ойлаған Владимир Путинмен сөйлескенде ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндірді ме, жоқ па - анықтауымыз қажет" деді Шифф.

Адам Шиффтің комитеті қазір арнаулы қызмет өкілінің шағымын қарап жатыр. Шағымда шілдедегі телефон әңгімесі кезінде Трамптың Украина президенті Владимир Зеленскийден бұрынғы вице-президент Джо Байден мен оның ұлы Хантер Байденнің үстінен іс қозғауды сұрағаны айтылады. Трамп Байденнің жемқорлыққа қатысы болуы мүмкін екенін айтқан.

Телефон әңгімесінің мазмұны белгілі болған соң конгрестің өкілдер палатасы "Трамп өкілетін асыра пайдаланды" деп айыптап, президентке импичмент жариялау бойынша зерттеу бастады. Трамп барлық айыптауды негізсіз деп санайды. Украина президенті Зеленский де "Трамп қысым жасады" деген болжамды жоққа шығарады.

Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров 27 қыркүйекте "Трамптың Путинмен әңгімесін жариялауы орынсыз болар еді" деп мәлімдеді. Ресей сыртқы істер министрлігінің өкілі Мария Захарова "Трамп пен Зеленский әңгімесінен соң Вашингтонға хабарласып, келіссөз жүргізу қауіпті болып кетті" деді.

Бұған дейін америкалық басылымдар АҚШ билігі президент Дональд Трамптың Путинмен, Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мухаммед бин Салманмен әңгімесін жазуға шектеу қойып келгенін хабарлаған.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5303