Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2578 0 пікір 19 Маусым, 2009 сағат 10:20

Батырболат АЙТБОЛАТҰЛЫ. Бұйырса, қазақ дәстүрлі ән-күйінің «екінші өмірі» басталaды!...

Енді осылай деп батыл болжауға болар, сірә. Себебі кеше Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед мырзаның қатысуымен «Мәңгілік сарын: қазақтың 1000 күйі, 1000 әні» атты ғаламат жобаның тұсауы кесілді. Былайша айтқанда, көп ұзамай қазақтың дәстүрлі ән-күйінің домбыра, қобыз, сыбызғымен һәм оркестрмен түпнұсқалық орындаудағы, бірақ бүгінгі заманға сай форматта жазылған (цифрланған) тұңғыш толыққанды музыкалық антологиясы жарыққа шықпақ. Онда қазақ даласының әр өңірінде қалыптасқан мәдени-дәстүрлі орындаушылық мектептерінің, ең әйгілі дәстүрлі әнші, күйші, халық композиторларының барлығының мұрасы мүмкіндігінше қамтылатын болады. Құндылығына баға жетпес антология 100-ге тарта СD-диск пен бірнеше қалың кітапты (партитуралар жинағын) құрауы әбден мүмкін. Бұйырса, бұл ұлттық мәдениетіміз тарихындағы аса ірі, маңызы жөнінен теңдесі жоқ акция болғалы тұр.

Енді осылай деп батыл болжауға болар, сірә. Себебі кеше Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед мырзаның қатысуымен «Мәңгілік сарын: қазақтың 1000 күйі, 1000 әні» атты ғаламат жобаның тұсауы кесілді. Былайша айтқанда, көп ұзамай қазақтың дәстүрлі ән-күйінің домбыра, қобыз, сыбызғымен һәм оркестрмен түпнұсқалық орындаудағы, бірақ бүгінгі заманға сай форматта жазылған (цифрланған) тұңғыш толыққанды музыкалық антологиясы жарыққа шықпақ. Онда қазақ даласының әр өңірінде қалыптасқан мәдени-дәстүрлі орындаушылық мектептерінің, ең әйгілі дәстүрлі әнші, күйші, халық композиторларының барлығының мұрасы мүмкіндігінше қамтылатын болады. Құндылығына баға жетпес антология 100-ге тарта СD-диск пен бірнеше қалың кітапты (партитуралар жинағын) құрауы әбден мүмкін. Бұйырса, бұл ұлттық мәдениетіміз тарихындағы аса ірі, маңызы жөнінен теңдесі жоқ акция болғалы тұр.
Жақсы хабар жария етілген жиынға министрлік өкілдерімен бірге қазақтың дәс­түрлі му­зы­калық мұрасының жана­шыр­ла­ры, белді-белді өнер қайраткерлері ша­қы­рылыпты. Атап айтар бол­сақ, тұсау­ке­сер­ге қатысқан Ғалым Дос­кен, Сара Күзем­бае­ва, Базар­хан Қосбасаров, Біләл Ысқа­қов, Айт­жан Тоқтағанов, Рамазан Стам­ғазиев, Талғат Мұқышев, тағы басқа сайдың тасындай тұл­ғалар мен танымал өнерпаздар - жо­баны жүзеге асырушы топтың құ­рамында болатындар. Сондай-ақ ол қатарда Қаршыға Ахме­дия­ров, Сержан Шәкірат, Ал­мас Ал­мат, Қатимолла Бердіғалиев, Ақан Әб­дуәли, Алла Сейітова тәрізді та­ны­мал есімдер тағы бар. Кәсіп­қой музыка ма­маны әрі вице-ми­нистр Асқар Бөрібаев пен про­дю­сер­лік тәжірибесі мол Ғалым Дос­кен мырзалар «Мәңгілік сарын» жо­басының Ғылыми-редакция­лық және сараптамалық кеңесінің тең төрағалары болып тағайын­дал­д­ы. Оған қоса, жобаны жа­рия ету­шілер бұл үлкен іске еліміздің бар­­лық музыка зерттеушілерінің, эт­но­граф­тардың, шетелдегі қазақ диас­поралары өкіл­дерінің, жалпы, қа­лың көпшіліктің ықы­ласпен бел­сене атсалысарына бек се­нім­ді.
Рас, қазақ халқының дәстүрлі му­зы­ка­сы­ның жинақталып, пар­титуралануы алғаш өт­кен ғасыр ба­сында-ақ жатқан жерің жа­рық бол­ғыр Затаевичтің арқасында жү­зеге аса бастағаны белгілі. Жиын­ашар сөзінде ми­нистр айт­қан­дай, өнерден аз-маз болса да хабары барлар арасында оның «Қа­зақ­тың 500 әні», «Қазақтың 1000 әні» жи­нақ­та­рын білмейтін жан сирек. Мұхтар Аб­рар­ұлы атал­ған жинақтардың ел мәде­ние­тін­де­гі алатын орнының ерекше екен­дігін, олар жарық көргеннен ке­йінгі қазақ му­зыка өнеріне қа­тыс­ты іргелі шығар­ма­лар­дың қай-қай­сысында болсын оның сү­бе­лі үлесі барын атап өтті.
- Басқаны айтпағанда, қазақ­тың тұң­ғыш операсы «Қыз Жібек­те» Евгений Бру­си­ловский оған хал­қымыздың отыздан ас­там әні мен күйлерін пайдаланған екен. Оның партитураларының барлы­ғы дерлік сол Затаевич шығарған жи­нақта болды. «Ер Тар­ғын» опе­ра­сында да дәл сондай жағдай қай­­та­ланды. Қазақ музыкалық мә­­дениетін насихаттаудың бір­ден-бір жолы оны жи­нақ­тау, жү­йе­леу, зерделеу және бүгінгі ұр­пақ­­тың назарына ұсыну десек, сол тұр­ғы­дан келгенде, бізде ке­йін­гі кездерде За­тае­вич ісін жал­ғас­тырған жақсы үрдіс қа­лып­тас­­ты. Жекелеген облыстарда сол өңір­дің әншілік-күйшілік мекте­бі­нің ерекшелігіне қатысты ау­дио­жинақтар шығарыла бас­та­ды. Ғалым Доскен мырза «Қазақстан» те­ле­радиокорпорациясының пре­зи­денті бо­лып тұрған кезде Қазақ ра­диосының алтын қо­рындағы, қа­зақтың музыка және дыбыс жазу, кино-фото құжаттар ар­хи­він­дегі және біздің түрлі музы­ка­лық ұжымдар ре­пер­туарындағы ша­мамен 400-дей күй жи­нақ­талып, «Мәң­гілік сарын» деген атпен жа­рық көрді, - деп атап өтті министр өз сө­зін­де. Енді сол игілікті жұ­мыс одан да ау­қым­дырақ, ар­на­лы­рақ мөлшерде, мем­ле­кет­тік ма­ңы­зы бар іс санатында қолға алын­ға­лы отыр. Бұл ретте ілкі «Мәң­гі­лік са­рын­ның» алғашқы автор-ізашары болған Ға­лым Доскеннің осы жолғы жалғасты жоба же­­тек­шісінің бірі ретінде бекітілуінің де қа­пы­сыз шешім екендігіне дау жоқ.
- Кейде біз ауызекі әңгімеде «Қазақта 5000-дай күй, 10000-дай ән бар» дегенді ай­тамыз. Мен осы төңіректе көп ойландым, шын­ды­ғын­да, бізде ең болмағанда 1000 күй­дің партитурасын шығып көр­ді ме екен, жоқ па? Өкінішке қа­рай, әлі күнге дейін біз «Қа­зақтың 1000 әнінің партитуралық не­ме­с­е СD жинағы мынау, күйі мынау» деп ауыз тол­тырып айта алмай, көрсете алмай отыр­мыз. Шығыста «Халуа-халуа дегеннен ауыз­ға дәмі келмейді» деген мақал бар ғой, со­ның кебі. Жинақ­талмаға­сын, цифрлан­ба­ғасын, көрсетіл­ме­гесін ол бүгінгі және ке­йінгі ұр­пақтың игілігіне жарай қой­май­ды. Оны нақты іске асырмасақ, құр мақ­тан­ған­нан түк пайда жоқ. Міне, сондықтан біз бүгін «Мәң­гілік сарын: қазақтың 1000 күйі, 1000 әні» атты осы жобаға кірі­се­йік деп отыр­мыз. Министрлік қа­жет­ті мөлшерде қар­жы бөлді, шет жер­лерге ғылыми-эт­но­гра­фия­лық экспедициялар да қарасты­рыл­ған. Бұл - істің басы ғана. Ал­д­ымен осыны иге­ріп алайық. Бәл­кім, жоба келер жыл­дары «Қа­зақтың 2000, 3000 әлде тіпті 5000 ән-күйі» деген ауқымда да жал­ғасар. Егер біздің әлеуетіміздің, шы­нымен, жеткілікті, мұрамыз­дың сол айтқанға сай молдығына көз жетсе, ісіміздің нәтижесіне қа­рай мұны неге жалғастырмас­қа?! - деп түйіндеді сө­зін Мұхтар Құл-Мұхаммед мырза.

Батырболат АЙТБОЛАТҰЛЫ

"Айқын" газеті 18 маусым 2009 жыл

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5570