Сенбі, 19 Сәуір 2025
3612 0 пікір 8 Қазан, 2019 сағат 11:53

Түркіменстан ел Конституциясын өзгертпек

Түркіменстанда Конституцияны өзгерту бойынша комиссия жұмысын бастады. Бұл туралы ТДХ мемлекеттік агенттігі хабарлады.

Мәліметке сәйкес, комиссияның алғашқы отырысы 4 қазанда өтіп, жаңа органның төраға орынбасары болып, парламент спикері Гүлшат Мамедова тағайындалған. Ал комиссияның төрағасы президент Гурбангулы Бердімұхамедовтің өзі.

Ол отырыс кезінде «әлемде экономикалық және саяси жағдай тез өзгеріп жатқандықтан, Ата заңға өзгерістер кіргізу қажет» деген.

Түркіменстан Конституциясы соңғы рет 2016 жылы қыркүйекте өзгертіліп, президенттікке үміткерлердің жасы 70-тен аспауы тиіс деген шектеу алынып тасталған.

Конституцияның үш жыл бұрынғы жаңа редакциясында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық (ЕҚЫҰ) ұйымының демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының ұсыныстары есепке алынбады.

Бұл жолы конституциялық реформада Халық Мәслихатын реформалап, екі палаталы парламент жүйесін енгізбек. Сонда Халық Мәслихаты парламенттің жоғарғы палатасы болмақ.

Түркіменстан Ата заңы 1992 жылы қабылданып, содан бері алты рет өзгертілді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2036
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4896
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4093