Баспасөз хабарламасы
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнің ШҚО бойынша басқармасының бастығы - Тәртіптік кеңес төрағасы Т.Жұмағұлов «Әкімшілік реформа және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында семинар - кеңес өткізді. Аталған шараға департаментінің басшылары, жеке құрамы және құрылымдық бөлімшелердің бастықтары қатысты.

Кеденшілермен кездесу барысында Т.Жұмағұлов Қазақстан Республикасы заңнамасына енгізілген өзгертулер мен қосымшалар жағдайында сыбайлас жемқорлықпен күрес және мемлекеттік басқару саласында өткізілетін мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын айқындап айтып берді. Тәртіптік кеңес төрағасы Т.Жұмағұлов баяндама жасау барысында ШҚО бойынша Кедендік бақылау департаментінің осы салада атқарған жұмысына оң бағасын берді. Семинар барысында мемлекеттік және еңбек тәртібін мүлтіксіз сақтау, мемлекеттік қызметке қоғамның сенімін арттыру қазіргі таңда әрбір мемлекеттік органның жұмысындағы басым бағыттардың бірі екені аталып өтті.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдаудың, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың және әкімшілік реформаның негізгі қағидаларына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, Астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Жарлығына түсініктеме берілді. Тәртіптік кеңес төрағасы Жұмағұлов Тоқтамыс Кадошұлы Ақмола және Оңтүстік Қазақстан облыстарында әкімшілік мемлекеттік қызметке түсу және екі кезеңнен тұрытын іріктеуді ұйымдастыру бойынша пилотты жобаның іске асырылуы туралы айтып берді.
Кездесу соңында Т.Қ. Жұмағұлов жиынға қатысушыларды Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң ШҚО бойынша басқармасының тәртіптік кеңесі мемлекеттік тәртіп және сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша заңнаманың іске асыру бойынша атқарып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
ШҚО бойынша КБД баспасөз қызметі.
http://akimvko.gov.kz/news.htm?id=12755