Жұма, 4 Қыркүйек 2026
3936 0 пікір 9 Қазан, 2019 сағат 11:48

ҰҚК Сырбар қызметіне жаңа директор тағайындалды

Ғабит Байжанов ҰҚК төрағасының орынбасары - Сыртқы барлау қызметінің директоры болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі жарияланды.

«Мемлекет басшысының Өкімімен Ғабит Жақыпбайұлы Байжанов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары - Сыртқы барлау қызметінің директоры қызметіне тағайындалды», - делінген хабарламада.

Бұған дейін ол «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры болған. 2018 жылдың қыркүйегінен 2019 жылдың ақпанына дейін - Президенттің көмекшісі - Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы. Ақпан айында ол Сыртқы барлау қызметіне қайта оралды.

«Сырбар» қызметі тікелей Президентке бағынады. Барлау, аналитика және ұлттық қауіпсіздікпен айналысады. Мемлекет басшысы Тоқаев президент боп сайланғаннан кейін бір апта өткенде Ұлттық қауіпсіздікті нығайту және барлау қызметін одан әpi жетілдіру жөніндегі шаралар туралы жарлық шығарып, 2009 жылдың 17 ақпанында Қазақстан Президентінің жарлығымен құрылған "Сырбар" Сыртқы барлау қызметін ҰҚК құзырына берген.

Түпнұсқа: tarlan.kz

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 719
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2024
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 502
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 475