Сенбі, 23 Қараша 2024
2442 0 пікір 15 Қазан, 2019 сағат 11:37

АҚШ Түркияға Сирия үшін санкция енгізді

Құрама Штаттар Түркияға қарсы Сирияның солтүстігіне әскери операция бастағаны үшін санкция енгізді.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның мәлімдемесінде президент Дональд Трамптың Түркияның кез келген мемлекеттік мекемелеріне және операцияға қатысы бар жеке тұлғаларға санкция салу жөнінде бұйрыққа қол қойғаны айтылады.

Санкция тізімінде Түркияның энергетика және қорғаныс, ішкі істер министрлігі бар.

Помпеоның мәлімдемесінде Түркияның күрдтерге қарсы операциясы аймақтағы бейбіт тұрғындар өмірінен қауіп келтіріп жатқаны айтылған. Сонымен бірге Түркиядан шабуылды тез арада тоқтатуды талап етеді.

АҚШ президенті твиттер парақшасына Сириядан америкалық әскерді тез арада алып кету қажеттігін тағы жазды.

Түркия болса шекарасын террористерден тазалау мақсатында әскери операция жасап жатырмыз дейді.

Дүйсенбі күні Дамаскіде Сирия үкіметі мен күрдтер арасында келіссөз жүргені белгілі болды. Сирия үкіметі елдің солтүстігіне түрік шабуылына қарсы тұру үшін әскерін жіберуге бұйрық берді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522