Жұма, 22 Қараша 2024
Экономика 11742 1 пікір 21 Қазан, 2019 сағат 13:44

Жаңа көлік сатып алатын алатындардың қатары көбейген

Тоғыз айдың ішінде (қаңтар-қыркүйек 2019) ел тұрғындары 499,8 млрд. теңгеге 51,8 мың жаңа көлік сатып алған. Бұл туралы Қазақстан автобизнес ассоциациясы хабарлайды.

Тоғыз айдың ішінде ең көп сатылған көлік Қостанайдағы «СарыаркаАвтоөнеркәсіп» өндіретін Hyundai жеңіл автокөлігі. Тоғыз айда көліктің 1 345 данасы сатылған. Ал бұл былтырғы сатылымнан 76% көп. Екінші орында Toyota. Көп тараған көліктің бұл түрінің 1 204 данасы сатылыпты. Сондай-ақ Ресейдің Lada маркалы көлігінің 957 данасы, Өзбекстан шығаратын Ravon маркасынан 559 көлік иесін тауыпты.

Қазақстан автобизнес ассоциациясының деректеріне қарағанда, Қазақстанда шығарылатын көліктерге сұраныс артқан. Мәселен, сатылған он машинаның сегізі елімізде құрастырылған автокөліктер. Сөйтіп былтырғы жылмен салыстырған отандық автокөліктерге сұраныс 9% өскен.

Биыл тоғыз айда Қазақстанда 33 500 автокөлік шығарылған. Ал өндірілген автокөліктердің 50% «СарыаркаАвтоөнеркәсіп» шығарған. Компания елдегі ең үлкен автоөндіруші. Компания Ресей, Қырғызстан, Белорусь елдеріне көлік эскпорттайды. Тоғыз айда 1 243 автокөлік эскпортталған. Сөйтіп компания жеңіл көлік, ауыр машина және автобус өндірісін екі есеге көтеріп, 119 335 миллион теңгенің көлігін шығарған.

Ал биыл жаңа көліктерді сату көрсеткіші 70 мыңға жетеді деп болжанады. Сондай-ақ 4% жеңілдетілген автонесие бағдарламасына ұлттық банк 14,5 млрд теңге бөлген. Бұған қоса екінші деңгейлі банктерге 5,5 млрд теңге және бөлмекші. Сөйтіп жыл соңына дейін 2800 жеңіл көлік арнайы несие жолымен беріледі делініп отыр.

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1452
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3216
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5244