Сенбі, 23 Қараша 2024
3642 1 пікір 23 Қазан, 2019 сағат 20:45

Қызылорда облысында I топ мүгедектерінің жеке көмекшілерінің қызмет көрсету ақысы жыл соңына дейін төленеді

Шиелі ауданыны I топ мүгедектерінің жеке көмекшілеріне қызмет көрсету ақысы  жыл соңына дейін толықтай төленетін болады. Бұл туралы бүгін брифинг барысында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев мәлімдеді.

Қазіргі уақытта Шиелі ауданында ахуал тұрақты. Аудан әкімдігімен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жеке көмекшілеріне түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қызмет көрсету ақысы мердігер мекеме тарапынан төленетіндігі түсіндірілді.

Жыл басында Шиелі ауданындағы І топ мүгедектерге берілетін жеке көмекшілер қызметіне бөлінген қаржыны мемлекеттік сатып алу заңымен 28 млн. теңгеге мердігер мекеме жеңіп алған. Аталған қаржының 27 млн. теңгесі игерілді.

Бұған дейін мүмкіндігі шектеулі жандардың көмекшілеріне сағатына     388 теңге төленсе, қазір ол сома 465 теңгеге жетті. Сондай-ақ, 2017 жылы олардың жалақысы 18 мың теңгені құраса, қазір 32 мың теңге өскен. Бұл ретте қосымша қаржы бөлу үшін мемлекеттік сатып алу заңнамасына сәйкес қарама-қайшылықтар болды. Сонымен бірге,  бұл қаржы 131 әлеуметтік көмекшіге арналса, кейін олардың саны тағы да 23 қызметкерге артып, 154 әлеуметтік көмекшіге ақы төлеу қажеттігі туындады. Дегенмен, түрлі қаржы көздерін тарту арқылы аталған түйткілді жыл аяғына дейін шешу басты жоспарда ,- деді Талғат Тұрсынұлы.

2019 жылдың 1 маусымынан бастап  жеке көмекшілердің қызметақысын есептеуге арналған коэффициенттері өсуіне және қажеттілігіне қарай мүгедектерге қызмет көрсетушілер саны 154 жеке көмекшіге көбеюіне байланысты аудандық бюджеттен 13 274,0 мың теңге қосымша қаржы бөлінді. Мердігер мекемемен қосымша келісім шарт жасалып, а.ж 18 қазан күні аталған қаржының 6 942,0 мың теңгесі аударылған. Алдағы уақытта қалған қаржы мердігер мекеменің құжаттар ұсынуына қарай игерілетін болады.

Бүгінгі күнде бөлім тарапынан әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 2019 жылдың 18 ақпанында 3 462 049 теңгеге №190015/00/1 санды акті беріліп,  толық аударылды.

22 ақпанда  933 283 теңгеге №190015/00/2 санды акті беріліп, толық аударылды.

26 ақпанда 4 498 261 теңге 42 тиынға №190015/00/3 санды акті беріліп, 4 404 668 теңге аударылды.

18 наурызда  4 419 455 теңге 30 тиынға №190015/00/4 санды акті беріліп, 4 400 000 теңге аударылды.

23 сәуірде  4 760 191 теңге 38 тиынға №190015/00/5 санды акті беріліп, 4 400 000 теңге аударылды.

27 мамырда 4 790 926 теңге 21 тиынға №190015/00/6 санды акті беріліп, 4 400 000 теңге аударылды.

29 шілдеде 4 882 217 теңге 64 тиынға маусым айында атқарылған қызметтер үшін №190015/00/7 санды акті беріліп, 3 500 000 теңге аударылды.

Ұсынылған актілер мен жүргізілген төлемдердің айырмасы 2 246 384 теңге 2019 жылдың 16 тамызындағы №8012505/19-1302 санды төлем шотымен аударылып, барлығы 27 746 384 теңгеге төлем жүргізіліп, шартта көрсетілген соманың 96 пайызы орындалып төлем жұмыстары тоқтатылды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5417