Депутаттар ұсынысына сәйкес, балаларын рұқсат етілмеген мтингтерге алып шыққан ата-аналарға 252 500 теңге (647 доллар) көлемінде айыппұл салынып және 10 тәулікке қамалуы мүмкін.
Елдегі заңға сәйкес, митинг өткізу үшін жергілікті биліктің рұқсаты керек. Әкімшілік кодексте рұқсат берілмеген акцияларға қатысу үшін 330 доллар көлемінде айыппұл және 15 тәулікке қамауға алу жазасы қарастырылған.
Биыл маусым айында президент болып сайланған Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше рет митингтер туралы заңды қайта қарау қажеттігін айтқан. Бірақ әзірге аталған заңдардағы жазаларды жеңілдетуге бағытталған заң жобалары парламентке келіп түспеді.
Abai.kz