Бейсенбі, 24 Қыркүйек 2026
5335 0 пікір 24 Қазан, 2019 сағат 11:00

NASA: озон қабатындағы тесік кішірейді

Оңтүстік полюсті жауып тұрған озон қабатындағы тесік кішірейген деп хабарлады NASA. Бұл тесік алғаш рет 1980-жылдары анықталған еді.

Аэроғарыш агенттігінің мәліметі бойынша, Жердің озон қабатындағы тесіктің қазіргі көлемі - 9,3 млн текше шақырым. Әдетте, қыркүйектің аяғы мен қазан айының басында оның көлемі 20,7 млн шаршы шақырымға дейін ұлғаяды.

"Жақсы жаңалық. Жартышарды озон қабаты жапқан, соның нәтижесінде ультракүлгін сәулелер деңгейі азаяды" деді NASA ғалымы Пол Ньюман.

Стратосферадағы озон қабаты Күннің зиянды ультракүлгін сәулелерінің бір бөлігін ұстап қалады. Мұндай сәуле тері обыры, катаракта, иммунды жүйедегі кеселдер туғызып, өсімдіктерге зиян тигізеді.

Ғалымдар озон қабатындағы тесіктің кішіреюіне адамзаттың зиянды түтіндерді азайтуға талпынысы мен ауа райының өзгеруі себеп болды деп отыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1439
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3015
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1080
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1008