Қызылорда облысының ЕАЭО елдерімен саудасы 69411,5 мың АҚШ долларын құрады
2019 жылдың қаңтар-тамызында Қызылорда облысының Еуразиялық арнайы экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен өзара саудасы 69411,5 мың АҚШ долларын құрады.
Бұл көрсеткіш 2018 жылдың қаңтар-тамызымен салыстырғанда 1,3%-ға көп, деп хабарлайды облыстық статистика департаменті.
Оның ішінде экспорт 36256,7 мың АҚШ долларын (1,9 есе көп), импорт – 33154,8 мың АҚШ долларын (33%-ға кем) құрады.
Облыс экспорты құрылымында көпшілігін бейорганикалық химия өнімдері (ЕАЭО елдерінің барлық экспортының көлеміне 50,3%), минералды өнімдер – 40,8% (тұз – 36,1%, табиғи құмдар – 4%, мұнай өнiмдерi – 0,7%), малдан шығатын, өсімдік тектес өнімдер және дайын азық-түлік тауарлар – 8,8% (күріш – 5,2%, жас немесе мұздатылған балық 1,8%) құрады.
ЕАЭО елдерінен үлкен дәрежеде машиналар және жабдықтар, транспорттық құралдар және аппараттар (ЕАЭО елдерінің импорты жалпы көлеміне 44,4%), химиялық өнеркәсіп өнімдері – 16,8%, мал және, өсімдіктер өнімдері, дайын азық-түлік тауарлар – 13,3%, металлдар және олардан жасалған бұйымдар – 10,3%, тастан, гипстен, цементтен жасалған бұйымдар, шыны және одан жасалған бұйымдары – 4,4%, ағаш материалдар және целлюлозды қағаз бұйымдары – 4,5%, минералды өнімдер – 2,5% әкелінді.
Abai.kz