Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
4326 3 пікір 31 Қазан, 2019 сағат 10:41

Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесу өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы резиденциясында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен бірқатар кездесулер өткізді.

«Адам құқықтары хартиясы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Жеміс Тұрмағамбетовамен кездесу барысында азаматтық қоғамның перспективалары және құқық қорғау ұйымдарының мемлекеттік органдармен өзара ықпалдастық мәселелері талқыланды.

Әлеуметтанушы, «Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы» қоғамдық қорының басшысы Гүлмира Илеуова  «Халықтың үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын дамыту жөніндегі ой-пікірімен бөлісті. Атап айтқанда, ол аталған тұжырымдаманы жүзеге асыруда әлеуметтік зерттеулердің атқаратын рөлі туралы айтты.

Сонымен қатар кездесуде Қоғамдық кеңестер институтының жұмысы, жоғары оқу орындарына автономия беру, медициналық сақтандыру жүйесін енгізу жөніндегі ұсыныстар қарастырылды.

Алматы жоғары басқару мектебінің және «Аспандау» ғылыми-білім беру қорының президенті Қанат Нұров әлеуметтік-экономикалық саясат жүргізу, жекеменшік институттар мен қор нарығын дамыту мәселелерін қозғады.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 878
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2290
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 589
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 567