Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
5131 6 пікір 1 Қараша, 2019 сағат 11:07

АҚШ-та коррупциялық қылмыстық істе Қазақстан мен шенеуніктерінің аты аталған

АҚШ-та штаб пәтері Монакода орналасқан Unaoil компаниясының екі бұрынғы лауазымды қызметкері шетелдік компанияларға тиімді келіссөзді қамтамасыз ету үшін тоғыз елдің (оның ішінде Қазақстан бар) шенеуніктерімен коррупциялық келісімге барғанын мойындады.

АҚШ-тың әділет министрлігі өткен сәрсенбі күні 51 жастағы Сайрус Ахсани мен 46 жастағы Саман Ахсани наурыз айында мұнайгаз компанияларының мүддесі үшін шетелдерде корруция жасағанын мойындады деп мәлімдеді.

Мәліметке қарағанда, олар 1999- 2016 жылдар аралығында Алжир, Ангола, Әзербайжан, Конго демократиялық республикасы, Иран, Ирак, Қазақстан, Ливия және Сирия елдерінің шенеуніктерімен коррупциялық әрекетке барған. Бұл жөнінде Reuters агенттігі АҚШ прокурорларына сілтеме жасап хабарлады.

Әзірге Қазақстандағы қандай компаниялар мен шенеуніктермен келіссөз жүргізілгені белгісіз. Қазақстан билігі де бұл мәселеге түсініктеме бермеді.

Ағайынды Ахсаниларға сот үкімі келесі жылдың 20 сәуірінде шығуы тиіс. Екеуі де беделді Ахсани отбасының мүшесі. Unaoil компаниясының негізін Ираннан келген эмигрант Атой Ахсани салған.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1973