Бейсенбі, 21 Қараша 2019
46 - сөз 1291 8 пікір 5 Қараша, 2019 сағат 12:02

Жалақы жақсы болса, жұрттың шетелге кетіп несі бар?

Дала қараңғылық құшағына сіңіп бара жатты. Ал мен үнемі уақытты сағынып жүрем. Уақытқа жұтылып бара жатқан өмір туралы ойлағым келмеді. Ештеңе ойлағым келмеді.

Такси тоқтаттым. Алдыңғы орынға отырдым. Артында адам бардай көрінді. Бұрылып қарадым. Ешкім жоқ. "Неге адам бардай көрінді" дедім ішімнен. "Артында балам ұйықтап жатыр" деді таксист. "Бəсе" дедім.
"Бала-шаға өсіп келеді. Жүз мың теңге жалақы түкке жетпейді. Ресейге барып жұмыс істеп келем. Алты айға, екі-үш айға барам. Жіберген фирма ақысына алпыс мың алады. Ресейдің Красноярск қаласында заводта жұмыс істедім. 60-75 мың рубль алдық. (Яғни теңгемен 300-375 мың) Ауылдан 1 млн. 200 мың теңгеге жер алдым. Машина алдым. Жаман болмадық. Баяғыда 800 мың теңгеге кредитке машина алып, 4 жыл төлеп, жынды боп кеткенбіз. Елде тапқан ақшам кредитке не тамаққа жетпеді. Сосын амал жоқ кеттім ғой. Дубайдың қасында бір мемлекет бар екен. Сол мемлекет қара жұмысқа 2 мың доллар төлейді екен. Бірақ ол жаққа жіберуге фирма ақысына 500 мың сұрап жатыр. Кореяға көп қазақ кетіп жатыр. Сол жаққа барсам деймін. Əйтеуір барып, жұмыс істеп келу керек. Үй салмаса, болмайды. Кореяда жұмыс істеп жүрген таныстарың жоқ па? Солармен еріп кетсем" деді.

Алыс танысымның күйеуі Кореяда жұмыс істейтінін естігем. Бірақ ол танысымды көрмегелі қай заман.

P.S. Айтқандай үкімет көрсететін орташа жалақы қандай еді? Шын мəнінде, орташа жалақы сондай болса, жұрт шетелге жұмыс іздеп кететіндей жынды ма? 

Аягүл Мантайдың facebook парақшасынан

Abai.kz

8 пікір