Святитель Алексий орталық клиникалық ауруханасы әкімшілігінің хабарлауынша, мекеме аптасына он адамға тегін медициналық көмек көрсетеді.
"Біздің терапевт тегін қызмет көрсетуге әзір. Жас ерекшелігіне қарай шектеу жоқ. Адам саны шектеулі: аптасына екі мәрте бес адамнан қабылдай аламыз. Ол үшін телефон арқылы алдын ала тіркелу керек" деді аурухана қызметкері.
Медициналық көмекке зәру мигранттар мен босқындар жұмыс күндері сағат 08:30-дан 16:30 аралығында 7(495) 952-11-41 телефон нөміріне қоңырау шалып, тіркеле алады. Ауруханадағы тексеру сәрсенбі және бейсенбі күндері жүреді.
Ресми мәлімет бойынша, 2018 жылы Ресейге Өзбекстанның 3,5 миллионға жуық азаматы келді. Олардың дені Мәскеу мен Санкт-Петербург қалаларында тұрады.
Abai.kz