Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
46 - сөз 3017 6 пікір 11 Қараша, 2019 сағат 12:25

Стивен Хокинг - мені таңғалдыратын тұлға

Стивен Хокинг... мені таңғалдыратын тұлға. Ол туралы көп ойлаймын... Бүгін тамақ пісіріп жатқанда да ойымнан шықпады. "Егер мүгедек болмаса, гений болмас па еді... Егер гений болмаса, мүгедек болмас па еді..." деген ойға қалам. Сосын "Тым жеңіл тұжырым. Ақылсыздық" деп өзімді сөгіп алам. Бірақ бір білерім: физик ғалым əлемдік деңгейдегі жаңалық ашу үшін өмірімен құн төледі. Тым-тым ауыр құн...

...Оксфордты бітірер жылы ол өзінің жаман ауруы жайлы біледі. Дəрігерлер "мұндай аурумен 30 жылдан артық өмір сүрмейді" дейді. Оның аяқ-қолдары жансызданып, жүру күннен күнге қиындай береді. Тіпті "2-2,5 жыл өміріңіз қалды" деген дəрігерлер болды. Жанып тұрған жас өмірді өлердей сүйетін еді. Ол Джен Уаилдқа ғашық еді. Үйленіп, бала сүюді армандайтын. Депрессияға түсіп, сөніп бара жатады. Сол ауыр күндері Джен Стивеннің қасынан табылады. Ештеңеге қарамастан екеуі отбасын құрады. Хокинг мүгедек арбасына таңылады. Өмірге үш баласы келеді. Үш балаға, мүгедек күйеуіне қарау Дженге оңай тимейді. Депрессияға түскен, бəрінен шаршаған Джен көңілдес табады. Онымен кездесіп қана қоймай үйіне кіргізіп алады. Əрине, мүгедек, жаны нəзік Хокинг қатты азаптанады. "Жақында өлем ғой, көп өмірім қалмады" деп өзін жұбатады.

Арбаға таңылған өмір аздай ол сөйлеу қабілетінен де айырылады.
Əлемге əйгілі ғалымға əйелі күтуші жалдайды. Элайн Мэйсон жеңілдеу əйел еді. Күйеуі мен екі баласын тастап кеткен əйелдің Хокингке қандай күтуші болғаны айтпаса да, түсінікті.

1995 жылы ғалым Элайнға үйленеді. Мүгедек, қауқарсыз ғалымды Элайн аяусыз ұрып, қорлаған деседі... Бет-аузы көгеріп, қолы кесіліп, талай рет ауруханаға түскен ғалым Элайнның ұрғанын мойындамайды. Элайнды полиция да тергейді. Бірақ ғалым əйелінің ұрғанын жоққа шығарады.
Тіпті Элайн үйге еркектерді əкеп, ішіп, Хокингті бір бұрышқа отырғызып қойып, ғалымның жанын ауыртып, еркектермен көңіл көтереді.

Элайн күйеуін əдейілеп күннің астына сағаттап отырғызып, Хокингтің басынан күн өтіп, ауырып, ауруханаға түседі. Сонда да ғалым əйелінің ұрғанын, қорлағанын айтып, шағымданбайды.

Еркек қой, намыстанған шығар, əлде тағдыры əбден жаншып тастаған тұлғаға əйелдерінің қорлағаны қалыпты жағдай көрінді ме? Тағдырдың қорлығының қасында адамның қорлығы түк емесін түсінді ме? Əлде түйсіксіз жəндік кейпіндегі пенделерден ол тым биікте тұрды ма? Ол кеудемсінген көп пендеден, көп ғалымнан биік тұрды.

Аягүл Мантайдың facebook парақшасынан

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3530