Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
2543 0 пікір 5 Қараша, 2019 сағат 18:59

Қ. Ысқақов: Кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстардың алдын алу керек

Бүгін  «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Қ.Д. Ысқақовтың төрағалығымен Саяси кеңес Бюросының кеңейтілген отырысы өтті. Онда  кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстар және оның алдын алу бойынша атқарылған  жұмыстар мен жастар арасындағы жұмыссыздық, орта арнаулы оқу орындарында білім алу мәселелері туралыда да айтылды. 

Облыста кәмелетке толмағандарға қарсы жасалатын және жасөспірімдердің өздерімен жасалған қылмыстар азаймай отыр. Осыған орай, облыс әкімі  ішкі істер департаментіне жұмысты күшейтуді тапсырып, облыстық полиция департаментінің бастығының  орынбасары Ш.Амитовке бірқатар тапсырмалар берді.

"Жастарға қатысты қылмыстардың профилактикалық шаралары күшейтілсін, тиісті мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен байланыс орнатылсын.  Жасөспірімдерге қатысты жасалатын қылмыстардың алдын алу және оны жою шараларына барша қоғам болып атсалысуымыз керек. Облыстың ішкі істер органдарының материалдық техникалық базасын нығайту үшін жыл сайын қыруар қаржы бөліп отырмыз. Алайда, жұмыстарыңыздың нәтижесін көріп отырған жоқпын. Аталған бағыттағы жұмыстар күшейтіліп, үш ай мерзімде орындалу қажет. Бұл мәселе жеке өзімнің бақылауымда болады" - деді облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1970