Сенбі, 23 Қараша 2024
2423 4 пікір 13 Қараша, 2019 сағат 10:59

Билік "Нұрсұлтан" атындағы зымыран кешеніне миллиондаған қаражат бөлмек

Қазақстан премьер-министрі Асқар Мәмин "Бәйтерек" зымыран кешенін дамытуға бюджеттен шамамен 330 миллион доллар бөлінетінін айтты.

Қыркүйек айында Ресейдің ақпарат құралдары кешен атауын Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне өзгерту бастамасы туралы жазған.

"Биыл сәуір айында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин Байқоңыр ғарыш айлағындағы ауқымды жоба - "Бәйтерек" экологиялық қауіпсіз ғарыш зымыран кешенін дамытуды тапсырды" деді Асқар Мәмин. Премьердің Нұр-Сұлтанда "Байқоңыр - әлемнің ғарышкерлік бесігі" форумында айтқан бұл мәлімдемесін "Интерфакс" агенттігі таратты.

"Интерфакс" жобаны "Назарбаев старты" деп атау жөнінде Ресей бастама көтергенін атап өткен.

Қыркүйек айында Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путиннің "Бәйтерек" зымыран кешенінің атауын "Назарбаевқа" өзгерту ұсынысын қабылдаған.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435