Абзал Құспан: Қоғамдық комиссияға күніне 200-дей арыз түседі
Ел-халыққа есім-сойы етене таныс заңгер Абзал Құспан әлеуметтік желідегі қоғамдық лекциясын жариялай бастады.
Қоғамдық лекцияның бұл жолғы шығарылымы ҚР Президенті жанынан құрылған қоғамдық комиссияға келіп түсіп жатқан Қазақстандағы сотталғандар мен соталған азаматтардың туған-туыстарының арыз-шағымдарына қатысты болды.
"Қазақстан президенті жанынан құрылған қоғамдық комиссияға күніне 200-дей арыз келіп түседі. Ал комиссияның отырысына 100-дің үстінде адам жеке қабылдауға келеді. Атап айтатын болсақ, 2012 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстанда 48 мың сотталған болатын болса, 2018 жылы бұл көрсеткіш 35 мыңға дейін төмендеген. Яғни, бас бостандығын шектеу орындарында отырғандардың саны 3/1 -ге азайған.
Халықаралық түрме индексі бойынша 2000 жылдардың басында Қазақстан бұл бойынша АҚШ пен Ресейден кейінгі үшінші орында болса, қазір 82 орынға дейін төмендеген. Осы сотталған азаматтар мен олардың туыстарының арнайы жүгінетін орындары бар", дейді заңгер.
Әрі қарай, заңгер Абзал Құспан адам құқықтары мәселесі бойынша азаматтарға қайда және қалай жүгінуі керектігі туралы толығырақ кеңес берген.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Абзал Темірғалиұлы Қазақстан Республикасы Президентінің қоғамдық қабылдау комиссиясы мүшесі ретінде азаматтар шағымын қабылдайтынын хабарлаған. Бұл туралы ол youtube желісіндегі видео үндеуінде айтты.
Ал ертең Қоғамдық комиссия мен оған түсіп жатқан арыздар бойынша "You Tube" желісіндегі "Abzal Quspan" арнасында тікелей эфирда жауап берілмек. Оған модератор болып белгілі қоғам қайраткері, саясаткер Мұрат Әбенов қатысады.
;feature=youtu.be&fbclid=IwAR09ZIwXmoASnTAgkCnxOnYwQcdWQ2p3JIk2bPCTieoxcnXcknnX0UXXmNMAbai.kz