Жексенбі, 15 Желтоқсан 2019
46 - сөз 1942 8 пікір 19 Қараша, 2019 сағат 12:42

Англосаксондар біздің биліктің одақтастарын тізерлетпей қоймайды-ау...

Бензин бағасы ең арзан ел Иран еді (Шамамен 40 теңге). Ел үкіметінің бензин бағасын 2 есе өсіруіне қарсы болған халық көшеге шығып кетті.
Ел басшылығы алғашында "сыртқы күштер кінәлі" деп АҚШ-ң бақшасына тас лақтырып, халықты сабасына түсірмек болып еді. Бұқара оған көне қоймады.

Қарсылық шаралары ел астанасы Тегеранды ғана емес, көптеген қалаларды шарпып, экономикалық талаптар саяси талаптармен ауысты. Иран билігі дүйсенбі күні кешке қарай бензин қымбаттауынан зардап шеккен 19 млн отбасына ақша төлей бастады.
Гонконгтегі жағдай референдумға бет алған сыңайлы..

Ресей Батыс санкцияларынан тұралай бастады..

Англосаксондар түбі біздің биліктің одақтастары Ресей мен Қытайды тізерлетпей қоймауға бекінгені соқырға таяқ ұстатқандай көрініп тұр...

Өмір Шыныбекұлының facebook парақшасынан

Abai.kz

8 пікір