Наразылық акциясына 14 қарашада билік басындағы "Грузин арманы" партиясы депутаттарының сайлауды партия тізімі бойынша өткізуді қарастыратын заң жобасын мақұлдауы себеп болды.
Отыз минуттық ультиматумнан соң акцияға қатысушылар парламент ғимаратын қоршап алды. Арнайы жасақ оппозицияны ғимараттан тазарту операциясын жүргізді.
Азаттық радиосының Грузин қызметі оқиға орнынан тікелей хабар таратты.
Белсенділер арнайы жасаққа айтарлықтай қарсылық көрсетпеді.
Күш құрылымдары су шашатын көліктер қолданды. Әуелі көшені тазартқан арнайы жасақ парламент ғимараты алдындағы оппозицияны ығыстырып шығарды.
Тбилисидің бұрынғы басшысы Гиги Угулава арнайы жасаққа кедергі жасамақ болып, жерге жатып алған. Ол журналистерге "Грузин арманы" партиясының басшысы, миллиардер Бидзина Иванишвили "бүгін Муаммар Каддафиге айналды" деп мәлімдеді.
Оппозиция күштері наразылық акциясын сейсенбі күні жалғастыруды көздеп отыр.
Abai.kz