Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2026
3900 1 пікір 20 Қараша, 2019 сағат 14:36

ҰҚК: Сирия мен Иракта Қазақстанның әлі де 100-ге жуық азаматы бар

Қазіргі уақытта Сирия аумағында Қазақстанның 90-нан астам азаматы (63 пайызы әйелдер) бар, оның 15-і (екеуі ер адам) лагерьлер мен түрмелерде және 6 әйел Иракта қамауда отыр. Азаттықтың сауалына Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті осындай деректермен жауап берді.

ҰКК-нің жауабына қарағанда, Сирия мен Ирактан Қазақстанға 277 ересек адам (57 ер адам, 220 әйел адам) және 547 кәмелет жасқа толмаған бала қайтарылған. Оның 44-і (34 ер адам, 10 әйел адам) "террор топқа және шетелдегі қарулы қақтығысқа қатысты", "терроризмді насихаттады және қаржыландырды" деген айыппен 1 жылдан 11 жылға дейін бостандықтарынан айырылған.

Сонымен қатар, тағы да 35 адам (23 ер адам, 12 әйел) тергелген, оның екеуінің жасы кәмелетке толмаған. Сирия мен Ирак аумағындағы жанжал ошақтарынан оралған 198 әйел мен 545 бала Қазақстанның бейімдеу, оңалту орталықтарында болған.

2019 жылдың қаңтарынан бастап, Қазақстан бірнеше рет арнайы "Жусан" операциясы арқылы Сирия мен Ирак аумағынан азаматтарын қайтарып ала бастағанболатын.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1355
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2936
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1007
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 945