Сенбі, 21 Желтоқсан 2024
3867 4 пікір 27 Қараша, 2019 сағат 13:16

Дариға Назарбаева жас кәсіпкерлерді қазіргі заманғы технологияларды меңгеруге шақырды

ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы, Жастар Конгресі Кеңесінің Төрағасы Дариға Назарбаева «ZHASPROJECT» жобасы аясындағы «Арманда! Ұсын! Іске асыр!» атты үздік тәжірибелердің республикалық форумына қатысты.

Жастар корпусын дамыту жобасы 2017 жылдан бері іске асып келеді және қоғамға нәтижелі бейімделуге қажетті өмірлік маңызды дағдыларды игеру мен дамытуға және жұмыспен табысты қамтуға бағытталған.

Осы кезеңде Қазақстанның түкпір-түкпірінде жастардың 2 600 бастамасы қаржыландырылды.

Форумда қатысушылар өндірген өнімдердің көрмесі ұйымдастырылды. Дариға Назарбаева үздік жұмыстармен танысып, жас кәсіпкерлермен әңгіме барысында жобалардың басым бөлігі әлеуметтік нақты мәселелерді шешуге бағытталғанын ерекше атап өтті.

Форумға қатысушылар алдында сөз алған Сенат Төрағасы «ZHASPROJECT» жобасына қолдау білдірді және әлеуметтік бағыттағы жас кәсіпкерлерді қазіргі заманғы технологияларды белсенді түрде меңгеруге және олардың даму барысын қадағалауға шақырды. «Алға қарай бүгін қадам жасамасақ, ертеңгі күні бес қадам артта қаласың», - деді ол.

Д.Назарбаева мүмкіндігі шектеулі және дамуында ерекшеліктері бар жас азаматтарды әлеуметтік және экономикалық белсенді өмірге тартудың маңызын атап өтті. Сенат Төрағасының айтуынша қоғам мен мемлекет оларға көбірек мән беріп, қамқорлық танытуы тиіс, сондай-ақ олардың әлеуметтенуі мен жұмыспен қамтылуы үшін барлық жағдайды жасауы қажет.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1939