Жұма, 22 Қараша 2024
4803 10 пікір 29 Қараша, 2019 сағат 19:09

Апелляция соты Константин Сыроежкинді азаматтықтан айырмауды бұйырды

28 қарашада Алматы қаласы сотының қылмыстық істер бойынша алқасы өткен айда "Мемлекетке опасыздық жасады" деген айыппен 10 жылға сотталған қытайтанушы Константин Сыроежкиннің апелляциялық шағымын қарап, үкімді ішінара өзгертті.

Соттың баспасөз хатшысы міндетін атқарушы Абай Жарылқасынның журналистерге хабарлауынша, сот алқасы Сыроежкинді Қазақстан азаматтығынан айыру және ел аумағынан шығарып, Қазақстанға кіруіне тыйым салу туралы қосымша жазаны жойған. Үкімнің қалған бөлігі күшінде қалды деп хабарлады Жарылқасын.

Алматы қаласы сотының 15 қазанда таратқан ақпаратында Константин Сыроежкинді 10 жыл қатаң режимдегі колонияға қамау, ал жаза мерзімін өтеп шыққан соң оны елден шығарып, бес жыл бойы Қазақстан аумағына кіруіне тыйым салу туралы айтылған.

2017 жылы заңға Қазақстан азаматын "террористік қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өмірлік маңызы бар мүдделеріне өзге де ауыр зиян келтіргені үшін" сот шешімімен азаматтықтан айыру туралы түзету енгізген.

Константин Сыроежкин биыл ақпанда мемлекеттік құпия ақпараттар тарағаны жайлы істі тексеру барысында қамауға алынған. Оның тұтқындалғаны туралы алғашқы ақпарат БАҚ-та мамыр айында жарияланған. Кейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сыроежкин "мемлекетке опасыздық жасады" деген айыппен 19 ақпаннан бастап қамауда отырғанын растаған. Бірақ ресми орындар істің мән-жайын түсіндірмеген.

63 жастағы Константин Сыроежкин Алматыда дүниеге келген. СССР мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің (КГБ) жоғары мектебін бітірген, 2006 жылдан Қазақстан президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер институтында бас ғылыми қызметкер болып жұмыс істеген Константин Сыроежкин Қазақстандағы белгілі қытайтанушылардың бірі саналады.

Оның үстінен қозғалған құпия іс жайлы кей деректерді бұған дейін америкалық Wall Street Journal газеті жазған. Шілденің 10-ы күні жариялаған мақаласында басылым Қазақстанның қарсы барлау қызметкерлері Сыроежкинді өз пәтерінде құпия операция барысында ұстаған деп хабарлады. Бұл істен хабардар дерек көзіне сілтеме жасаған газет "Сыроежкин Қытайдың барлау органымен байланысы бар адамдарға құпия құжаттар берген болуы мүмкін" және "сол үшін ақшалай сыйлық алуы ықтимал" деп жазды. WSJ Қытай билігінің Сыроежкиннің ісін "жоқтан бар жасап құрастырылған жаңалық" деп атағанын айтады. Басылымның пайымдауынша, ғалымды тұтқындау "Қазақстанда Қытайдың ықпалына байланысты алаңдаушылық күшейіп келе жатқанын және осалдық сезімі өрши түскенін" көрсетеді. Сонымен бірге газет Қазақстанның қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр болған жылдары Сыроежкин оның Қытай мәселелері бойынша кеңесшісі болғанына назар аударған. Газеттің дерегінше, Сыроежкин Тоқаевқа Қытаймен шекараны бірлесіп демаркациялау туралы келіссөздер кезінде кеңес берген.

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1448
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3208
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5209