Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
4736 5 пікір 2 Желтоқсан, 2019 сағат 10:37

Хива қаласы 2020 жылы Түркі дүниесінің мәдени астанасы болады

Өзбекстанның Хива қаласы 2020 жылы түркі дүниесінің мәдени орталығы болады. Мұндай шешім Ош қаласында өткен ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымға мүше елдердің тұрақты кеңесінің 37-отырысында қабылданды.

Өзбекстанның Хива қаласының әкімі Собир Жуманиязов Ош қаласынан эстафетаны қабылдап, Хива қаласы туралы баяндады. Өлкенің мәдениет министрінің орынбасары Камола Акилова байырғы Хива қаласы бүгінгі күнге дейін тарихи көрінісін толығымен сақтап қалғанын мәлімдеді.

Хива Өзбекстанның батысында орналасқан. Қалада ашық аспан астында XVI ғасырдан бергі тарихи орындар сақталып қалған.

Ош қаласы 2019 жылы Түркі дүниесінің мәдени орталығы болса, осыған дейін бұл атақты Түркістан қаласынан басқа КастаТүрмону (Түркия), Мары (Түркіменстан), Шеки (Әзербайжан) және Қазан (Татарстан, Ресей) қалалары алып жүрген.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1515
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3285
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5850