Жұма, 22 Қараша 2024
2959 1 пікір 3 Желтоқсан, 2019 сағат 06:41

Дәурен Абаев: «Әлем барысы» қазақ күресін Олимпиада ойындарына қосу жолындағы ауқымды жобалардың бірегейі

«Әлем барысы» қазақ күресін Олимпиада ойындарына қосу жолындағы ауқымды жобалардың бірегейі. Бұл туралы Қазақ күресінен абсолюттік «Әлем барысы» әлем чемпионатының ашылу салтанатында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты.

«Бүгінгі жалауын көтеріп отырған «Әлем барысы» абсолюттік әлем чемпионатына қош келдіңіздер! «Әлем барысы» қазақ күресін насихаттауда өзіндік орны бар маңызды шара. Чемпионатын халықаралық деңгейде өзінің жоғары бағасын алды. Оған қоса бұл шара ұлттық өнеріміз - қазақ күресін Олимпиада ойындарына қосу жолындағы ауқымды жобалардың бірегейі. ҚР Тұңғыш Президентінің күніне орай ұйымдастырылған дүбірлі дода мәдени мұрамызды дамытуға, қазақ күресін одан ары жетілдіріп, халықаралық деңгейде насихаттауға, қазақ күресінен «Әлем барысын» анықтауға арналады», - деді Дәурен Абаев.

Сонымен қатар министр ұлттық күрестен осындай керемет добасын ұйымдастырып отырған Алматы қаласының әкімдігіне, ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне шынайы ризашылығын білдірді.

Сонымен қатар чемпионаттың ашылу салтанатында Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров сөз сөйлеп, балуандарға сәттілік тіледі.

Айта кетейік, төртінші рет өтетін бәсекеге 30 елден 33 балуан қатысады.

«Әлем барысы» атануға АҚШ, Аустралия, Әзербайжан, Бразилия, Грекия, Грузия, Үндістан, Иран, Испания, Италия, Камерун, Конго, Корея, Куба, Қырғызстан, Литва, Моңғолия, Нидерланды, Пәкістан, Польша, Ресей, Словения,Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан, Украина, Эстония, Япония секілді елдердің және Қазақстанның атақты балуандары келген. Бұл сында еліміздің намысын А.Нұғымаров (ШҚО), Р.Әбдіразақов (Алматы қаласы), М.Исағабылов (Қызылорда облысы), Н.Жарылғапов (Маңғыстау облысы) сынды балуандар қорғайды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1458
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3225
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5282