Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
4773 8 пікір 3 Желтоқсан, 2019 сағат 09:46

Қытай АҚШ-қа санкция енгізді

Қытай Құрама Штаттарға және бас кеңсесі АҚШ-та орналасқан бірқатар үкіметтік емес ұйымдарға санкция енгізді.

Олардың арасында "Human Rights Watch" және "Freedom House" ұйымдар да бар. Қытай билігі бұл ұйымдарды Гонконгтағы акцияларды қолдап жатыр деп айыптайды.

Қытайдың сыртқы істер министрлігі Вашингтонды "жауапсыз іс-әрекетін айыптап, Бейжіңнің ішкі ісіне қол салды" деп сынады.

Өткен аптада АҚШ президенті Дональд Трамп Гонконгтағы демократияны және адам құқықтарын қорғауға бағытталған екі заңға қол қойған. Бұл құжаттарға сәйкес, "АҚШ мемлекеттік хатшысы бұл өлкедегі адам құқықтары туралы кемінде жылына бір рет баяндама жасап тұруы керек" деген жолдар бар. Егер Вашингтон Гонконгта жеткілікті деңгейде адам құқықтары сақталмайды деп санаса, онда сауда-саттықтың бірқатар түрлері тоқтатылып, жекелеген адамдарға санкция енгізілуі мүмкін.

Бұдан бөлек Гонконгқа полиция жабдықтарын және техникалық жабдықтарын экспорттауға тыйым салған. Осыған байланысты Қытай билігі дүйсенбі күні америкалық әскери кемелер мен ұшақтардың Гонконгқа баруы туралы өтінішін қарауды тоқтатты.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 949
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2441
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 652
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 635