Сенбі, 23 Қараша 2024
3494 4 пікір 10 Желтоқсан, 2019 сағат 10:56

WADA Ресейді ірі халықаралық жарыстардан шеттетті

Дүниежүзілік антидопинг агенттігінің атлеттер комитеті (WADA) Ресейді ірі халықаралық жарыстардан, сонымен бірге Олимпиада және әлем біріншілігінен шеттетті.

Швейцарияда өткен WADA-ның орындаушы комитеті отырысында шешім бір ауыздан қабылданды. Оған ресейлік спортта допинг ережесін жаппай бұзылуы және Мәскеу зертханасындағы мәліметтер базасын өзгертуге әрекет жасауы себеп болған. Шешім әлі күшіне енбеді. Ресей тарапы 21 күн ішінде кері шағымдана алады.

РУСАДА Ресейдің допингке қарсы агенттігі де мәртедесінен айырылды. Яғни спортшылар Олимпиадада және әлем біріншілігінде Ресей туын көтеріп жарысқа шыға алмайды. Сонымен бірге WADA ресейлік мемлекеттік қызметкерлер мен Олимпиада комитеті мүшелеріне халықаралық жарыстарға қатысуға тыйым салады.

Осылайша ресейлік спортшылар 2020 жылы Токиода және 2022 жылы Бейжіңде өтетін Олимпиадаға өз елі атынан қатыса алмайды. Тек допингке қатысы жоқ екенін дәлелдеген спортшылар ғана бейтарап тумен қатысуына болады.

Енді Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) Ресей футболының тағдырын шешуі тиіс. 2022 жылы Катарда өтетін футболдан әлем біріншілігіне ресейлік футболшылар қатыса ма, жоқ па, оны FIFA шешеді.

Ресейді допинг жанжалы үшін 2018 жылы Олимпиададан шеттеткен. Осыдан кейін Мәскеу зертханасындағы мәліметтер базасын WADA-ға беруі тиіс деген талаппен РУСАДА мәртебесін қайтарған. Бірақ 2019 жылдың қаңтарында ресейлік спортшыларға қатысты тағы жанжал болды.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407