Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3272 1 пікір 10 Желтоқсан, 2019 сағат 11:58

Заң шығару ісіне азаматтардың араласу деңгейі өте төмен

Transparency Kazakhstan ұйымы “Қазақстандағы заң шығару ісіне қатысу және ықпал ету индексі” деп аталатын баяндамасын жариялады бүгін.

2018 жылы, елімізде 44 880 нормативтік құқықтық акт қабылданған, түзетілген және күшін жойған. Жаңа қабылданған НҚА саны - 22 048, өзгертулер мен түзетулер енгізілгені - 13 594, күшін жойғаны - 9 238.

Яғни, жалпы санның жартысы жаңа НҚА болып отыр.

Күніне 123 жаңа НҚА қабылданған екен.

Зерттеу авторларының айтуынша, адамдардың құжаттарды талқыға салып, ұсыныстарын айтуы үшін НҚА көлемі тым көп болып отыр. Бұл құжаттарға қосымшалар мен анықтамалардың тіркелуі, құжаттардың күрделі құқықтық тілде жазылуы жағдайды одан әрі ушықтырады екен..

“Қазақстан үкіметіне жыл сайын заң жобасын әзірлеу бойынша жоспар беріледі, бірақ іс-жүзінде қабылданатын, өзгертулер мен түзетулер енгізілетін және күші жойылатын НҚА саны мыңдаған есе көп,” - дейді Transparency Kazakhstan ұйымының атқарушы директоры Ольга Шиян.

Зерттеудің түйіндемесінде жазылғандай, елдегі заң шығару тәртібі мемлекеттік органдарды әзірленген әрбір нормативтік құқықтық актіні “Ашық диалог” порталында жариялауға міндеттейді екен. Электрондық цифрлық қолтаңбасы бар әрбір адам жарияланған НҚА жобасына пікір білдіріп, ескерту жасап, сұрақ қойып, ұсыныс бере алады.

2018 жылы қоғамдық талқыға бар болғаны 15 936 НҚА жобасы шығарылған екен. Яғни жалпы санның үштен бір бөлігі ғана. Ольга Шиянның айтуынша, жоғары аталған платформада жариялан 15 936 құжаттың ішінде түрлі қателікке бола бірнеше рет жарияланғаны бар екен. Демек, талқыға ұсынылған НҚА саны одан да аз болуы мүмкін.

Қорыта айтқанда, заң шығару ісіне азаматтардың араласу деңгейі өте төмен. Азаматтардың құқықтық сауатының/белсенділігінің төмен болуы маңызды фактор екені белгілі, дегенмен мемлекет тарапынан да кедергілер бар секілді.

Дархан Өмірбектің әлеуметтік желідегі парақшасынан

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5406