Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4475 13 пікір 10 Желтоқсан, 2019 сағат 12:53

Ел бола алмай отырғанымыздың басты себебі - отаршылдық=құлдық

Ел болу. Бізде басқа мақсат, арман-мұрат болмау керек. Өйткені Ел болудан басқа мақсат-мұраттардың бәрі қораш, күйкі, түкке тұрмайтын бәкене нәрселер.

Егер біз Ел бола алмасақ, ішкен-жегеніміз, киген киіміміз, мінген көлігіміз, құшқан қатынымыз, өсірген ұрпағымыз, салған үйіміз - бәрі желге ұшады. Ел болудан үлкен, ауқымды, кең, шетсіз-шексіз, масштабты мақсат-мұрат болуы мүмкін емес.

Ел болу - бұл өлшем. Ел болу жолында өзінің жеке амбициясын Елдіктен жоғары қойған кез келген адам - қазақтың дұшпаны. Ондайлардың жолын кесу керек, тайраңдатпау керек. Орнына қою керек. Әділ жазасын беру керек. Ондайлар Ұлттың ұлы денесіне шыққан жара, сыздауық не шиқан тәрізді. Олардан емделмесе, сақтанбаса - ұлт құриды, құрдымға кетеді. Сондықтан не оларды аяусыз сылып тастау керек, не бақыртып жараның бетіне құрым киізді күйдіріп басу қажет.

Өкінішке қарай, біз Ел бола алмай отырмыз. Ащы болса да шындық. Өтіміз жарылып кетсе де осыны мойындауымыз керек. Ел бола алмай отырғанымыздың басты себебі - отаршылдық=құлдық. Отаршылдық=құлдық - Ұлттың ұлы денесіндегі ең үлкен жара - осы. "Ауруын жасырған өледі" дейді дана халқымыз. Біз өліп барамыз. Ауруымызды жасырғаннан. Ауруымызды мойындамағаннан. Диагноз қойылмағандықтан.

"Құлдар мемлекет құра алмайды" депті Мұса пайғамбар. Рас. 28 жыл болды - дұрыс Ел бола алмай отырмыз. 16 желтоқсан жақындап келе жатыр. Тәуелсіздік жолында қан төгілген, ақ қар көк мұзда қыздарымыз шашынан сүйреліп, ұлдарымыз итке таланған күн. Арлы ұлттар Ел екендігін көрсетіп мұндай күні аза тұтып, құран оқытып, қайтыс болған ұлт батырларын еске алады. Тәубесіне келеді. "Өлі риза болмай, тірі байымайды".

Қан төгілген күні бөркімізді аспанға атып тойлау - қай қисынға сияды? Аруақты күңірентіп қалай Ел боламыз?

Меніңше, 16 желтоқсан - Елдік жолында шәйіт болған барша аруақтарға құран оқытып, дұға бағыштайтын Ұлттық Тәубә Күні болу керек. Алла Тағала Тәубемізді қабыл қылса ғана, Ел боламыз. "Қолыңмен істегенді, мойныңмен көтер" дейді ата қазақ. Тәубе сол - құл болғанымызды=отар болғанымызды мойындап, енді құл болмаймыз деп жылап тұрып Алладан кешірім сұрау!

Құлдық кезеңде=отаршылдық кезеңде - аштан қырылған, атылған, айдалған, сұраусыз кеткен, түрмеге тоғытылған, бізден дұға дәметкен мыңдаған, миллиондаған аруақтарды еске алу күні болсын! Алла Тәубемізді қабыл қылсын! Тәуелсіздігіміз баянды болсын, Ағайын!

Омар Жәлелұлының әлеуметтік желідегі парақшасынан

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5406