Студенттердің шәкіртақысы 25% ға өседі
2020 жылдан бастап студенттердің шәкіртақысы өседі. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жастар жылының жабылу салтанатында мәлім етті.
-Студенттерді қолдау мақсатында, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бакалавриат, магистратура және докторантура студенттерінің шәкіртақысын 25%-ға көтеру туралы шешім қабылдадым. Жалпы, олардың саны қазір 130 мыңды құрайды», – деді Тоқаев.
Оның айтуынша, 120 мыңнан астам студенттің шәкіртақысы 30% ға өседі.
-Осы жылдың қыркүйегінде жұмысшы мамандығында оқып жүрген 122 мың адамның шәкіртақысы 30%-ға өсті. Менің тапсырмам бойынша, 2020 жылдың қаңтар айынан бастап колледж студенттері шәкіртақылары да 25%-ға артады. Олардың саны 100 мың адамды құрайды,– деп түйіндеді сөзін Қасым-Жомарт Тоқаев.
Abai.kz