Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 5789 5 пікір 12 Желтоқсан, 2019 сағат 13:01

Мемлекеттік наградалармен кімдер марапатталды?

Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін ел азаматтарының үлкен бір тобы мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Олардың қатарында өндіріс, бизнес, білім беру, денсаулық сақтау салаларының көрнекті өкілдері, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, спортшылар, соғыс және еңбек ардагерлері, мәдениет және ғылым қайраткерлері бар.

«Қазақстанның Еңбек Ері» атағы:

- Роза Рымбаеваға (ұлттық мәдениетті дамытуға қосқан айрықша үлесі, ән өнерін насихаттаудағы ерекше еңбегі үшін),

- Тұрсынбек Макишевке («Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалы – «Жезқазғантүстімет» ӨБ кен өндірістік кешенінің ұңғылаушысы өндірістік қызметтегі ерекше еңбегі үшін) берілді.

«Отан» ордені:

- И.Жақановқа, (жазушы),

- С.Қожабаевқа, («Alageum Electric» холдингтік компаниясы бақылау кеңесінің төрағасы),

- В.Тильге, (Ақтөбе облысы «Казхром» ТҰК» АҚ филиалы – Дөң тау-кен байыту комбинатының директоры) берілді.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» ордені:

- А.Бисембаевқа, (Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының көмекшісі – Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқарушысының бірінші орынбасары) берілді.

І дәрежелі «Барыс» ордені:

- Сауытбек Әбдірахмановқа, (Парламент Мәжілісінің депутаты),

- Әділ Ахметовке, (ғалым және қоғам қайраткері),

- Төлен Әбдікке (жазушы),

- Махмұт Қасымбековке (Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің басшысы),

- М.Мырзахметұлына («М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті» РМК бас ғылыми қызметкері),

- Сара Назарбаеваға («Бөбек» балалар қорының президенті),

- Бибігүл Төлегеноваға (опера әншісі) берілді.

ІІ дәрежелі «Барыс» ордені:

- Р.Әзімбаеваға («ЛОРД дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернат» КММ мұғалімі),

- М.Айтхожинаға (ақын),

- Ғ.Есімге (Ұлттық ғылым академиясының академигі),

- Н.Қыпшақбаевқа (Мемлекетаралық су шаруашылық үйлестіру комиссиясы жанындағы Су шаруашылық мәселелері бойынша ғылыми-ақпараттық орталығы Қазақ филиалының директоры) берілді.

ІІІ дәрежелі «Барыс» ордені:

- Н.Айтұлына,(Ақын, «Сәкен Сейфуллиннің мұражайы» МКҚК директоры),

- Қ.Беркінбаевқа (Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені» АҚ президенті),

- М.Қойгелдиевке (Тарыхшы),

- Т.Мұқашевқа (Парламент Сенатының депутаты),

- Қ.Салғараұлына (Жазушы) берілді.

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы:

- Тамара Асарға (әнші),

- Димаш Құдайбергенге (әнші),

- Асқар Жұмаділдаевқа (ғалым),

- Н.Есімғалиевке (киноактер),

- Р.Салаватовқа (дирижер),

- Н.Семеноваға (балет әртісі) және басқа азаматтарға берілді.

«Парасат» ордені:

- И.Вербицкийге,(«Шымкент қалалық орыс драма театры» МКҚК басшысы),

- Ж.Ермановқа, («Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық одағы» РҚБ төрағасы),

- С.Қасқабасовқа, («Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» РМК профессоры),

- Қ.Қойлыбаевқа, («Ақтөбе металл құрастыру зауыты» ЖШС директоры),

- С.Малаевқа, (Солтүстік Қазақстан облысы «Ақселеу» ЖШС директоры),

- Қ.Сәбденовке, («Қазақ ұлттық аграрлық университеті» КЕАҚ профессоры),

- К.Темірбайұлына, («Б.Римова атындағы Талдықорған драма театры» КММ әртісі),

- Е.Сакеноваға, (қоғам қайраткері),

- Е.Тарасенкоға, (қоғам қайраткері),

- М.Өтешовке, (Атырау облыстық Қоғамдық кеңесінің төрағасы),

- С.Шакратқа,(«М. Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы» МКҚК солисі),

- Р.Юнге, (Қарағанды облысы «Алтай Полиметалы» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы) берілді.

ІІ дәрежелі «Достық» ордені:

- Ю.Келиговке, (Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, «Вайнах» шешендер және ингуштер қауымдастығы басқармасының мүшесі),

- Ә.Қалыбековаға, (айтыс ақыны),

- А.Халиковқа, («Айнұры» татар-башқұрт мәдени орталығы» ҚБ төрағасы),

- В.Тварионасқа, (Қарағанды қаласы «LITUANICA» ҚБ төрағасы) және басқа да азаматтарға берілді.

«Құрмет» ордені:

- О.Әбділдаевқа, (ақын),

- Ү.Әбдиевке, (Түркістан облысы «Жетісай қосалқы мектеп-интернаты» КММ мұғалімі),

- А.Әбиденқызына, («Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» РМК доценті),

- Қ.Байзақовқа, (Ақмола облысы «Алтындән» ЖШС директоры),

- А.Войнцеге, (Алматы қаласы «Қазақстан дүнгендерінің қоғамы» ҚБ төрағасы),

- Г.Дәуірбаева, («Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры» РМҚК солисі),

- Э.Двуреченскийге, (Қостанай облысы «Мелитопольское» ЖШС директоры),

- В.Демьяненкоға, (танымал боксшы),

- Ш.Имашевқа, («Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» РММ оқытушысы),

- Ш.Ысқақовқа, (Қызылорда облысы «Еңбек жер» ЖШС директоры),

- А.Мағзұмовқа, (Петропавл қаласы «Кардиологиялық орталық» КМК бас дәрігері),

- Т.Мартыненкоға, (Шымкент қаласы «Болашақ» № 66 балабақшасы» МКҚК меңгерушісі),

- А.Назинге, («Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы» ЖШС механизаторы),

- С.Нұрмағамбетоваға, (әнші),

- А.Саинге, («Милосердие» ерікті қоғамы» қайырымдылық қорының директоры, Қазақстан Республикасының балалар құқықтары жөніндегі уәкілі),

- Ү.Сейтімбетке, («М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры» РМҚК әртісі),

- Ә.Төлеубаевға, («Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» РМК кафедра меңгерушісі),

- С.Сраиловқа, (Нұр-Сұлтан қаласы «Наз» мемлекеттік би театрының директоры),

- Е.Шынкеевке, (Қарағанды қаласы «Жас сұңқар» спорт мектебінің жаттықтырушы-оқытушысы) берілді.

Өнеркәсіп, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы және басқа материалдық өндіріс салаларының 72 жұмысшысы мен еңбеккері ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденінің иегерлері атанды. Атап айтқанда,  Ақмола облысы «Хлебороб» ЖШС механизаторы М.Боранбаев, Маңғыстау облысы «Жайлау» ЖШС бас шопаны Е.Өтесов, «ҚТЖ Жүк тасымалдау» АҚ филиалы Жамбыл пайдалану локомотив депосының жөндеушісі Н.Хомутенко және басқалар.

Әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін нығайтуға қосқан үлесі үшін әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдары өкілдерінің бір тобы І және ІІ дәрежелі «Даңқ», сондай-ақ, І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Айбын» ордендерімен, «Ерлігі үшін» және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарымен марапатталды.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475