Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
46 - сөз 6598 41 пікір 13 Желтоқсан, 2019 сағат 15:08

Кеңес мүшесіне қандай кеңес бересіздер?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық ететін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі екенімді білесіздер. Осы айдың 20-да Кеңестің екінші отырысы болады.

Мен отырыс барысында білім саласы, соның ішінде жалпы білім беретін мектептердің мәселесі, оқулықтар мәселесі, аталған салада аяқталмай жатқан қисапсыз реформалардан туындаған проблемалар туралы сөйлесем бе деймін. Бүгінгі балалар туралы ғана емес, ата-аналардың мінез-құлқы, ата-аналардың мектепке қатысы жайында да айту керек сияқты. Тағы не айтуға болады. Кеңес мүшесіне қандай кеңес бересіздер? Күтемін.

Пысы: Боқтап-боралап, Кеңестің жұмысына әдеттегідей күмән келтіріп, қаралап жазылатын албаты пікірлер бола қоймас деп ойлаймын. Біз мәселені түбегейлі шешіп тастамасақ та, «деп» қалуымыз керек. Ой тастауымыз керек. Ұлықтарға қоғамның көңіліндегі көп түйткілді жеткізуіміз керек...

Дәурен Қуат

(Фейсбук парақшасынан.)

Abai.kz

41 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1016
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2559
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 710
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 676