Жексенбі, 6 Қыркүйек 2026
46 - сөз 6521 6 пікір 26 Желтоқсан, 2019 сағат 13:04

"Болашақ" түлектеріне бір ауданды басқаруға берсе...

Мынандай ой келіп жүр. Бүгінге дейін "Болашақ" бағдарламасымен 12 мыңға жуық адам білім алып қайтты. Қазір олардың әрқайсы әр жерде жүр. Соларды тиімді пайдалану үшін алғыр түлектерді жинап, бір ауданды басқаруға берсе.

Аудан әкімінен бастап қарапайым маманға дейін болашақ түлегі болса. Полиция, жұмыспен қамту - түгел-түгел болашақ түлектеріне берілсе. Сосын бес жылдың ішінде сол ауданды дамыту тапсырылып, карт-бланш берілсе. Яғни, өңірлердегі "барондардың" ықпалынан қорғап дегендей ғой.

Кейде шетел көріп келген замандастарым, оның арасында мен де бар, көп нәрсені сынап жатамыз. Сол сынайтын жұмыс өзімізге тапсырылса қалай атқарар едік?

Кезінде Кеңес үкіметі тұсында жастарды осылай топтастырды ғой. Сол секілді жасау керек сияқты.Осыны ойлап жүргеніме біраз болған.

Қазірдің өзінде мемлекеттік қызметтен хабары бар бірнеше адамды білемін.

Абай Отардың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 912
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2365
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 620
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 599