Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 7154 9 пікір 26 Желтоқсан, 2019 сағат 13:10

Патриоттық кинода ойнап, былайғы күнде орысқұл болу қымсындырмай ма?

Ал, бір ұлы сұрақ бар. Мына суреттердегі қазақ қызы “Жаужүрек мың бала” фильмі арқылы біз таныған Құралай Анарбекова. Қазір әртіс, продюсер, сценарист екен.

Инстаграм парақшасына көзім түсе қап еді, бір қазақша, Ұлттың Ұлы тіліндегі жазбасын(пост) оқи алмадым.

Сонда деймін, бұл ханымдар ата-бабаның аманаты, өлеусіреп тұрған ана тілі, сол “Жаужүрек мың баланың” кім үшін, не үшін соғысқанын, қырылғанын білмей ме? Патриоттық кинода ойнап, былайғы күнде орысқұл болу қымсындырмай ма? Путиннің қағанатында ма? Ұлттық намыс жоқ па? Әке-шешесінің тіліне безбүйректікпен қарай ма? Беттегі бояуға мән бергендей қоғамдағы мәселеге мән беріп қарай алмай ма?

Қысқасы, қазаққа құрметі бар ма? Бұлардың фильмі бір жыртыңдап поп-корн жеп қайту үшін бе? Олай болса не үшін керек ол кинолар? Неге? Неге? Неге? Түсінбейсің.

Түсінетіндер не дейсіздер? “Шәруәң қанша” десеңіздер, “әрмен жүр” десеңіздер деңіздер, бірақ осылар қыздарымызға үлгі боп жүр ғой. Шаршайсың...

Рүстем Қайыртайұлының әлеуметтік желідегі парақшасынан

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5357