Жемқор жүйе ел амандығын бірінші орынға қоюға мүмкіндік бере ме?
Қу құлқын үшін, тезірек жеңіл пайда табу үшін шетелдің ескі-құсқы ұшақтарын алған адамдар, оларға ұшуға рұқсат берген лауазымды кісілер анықталып, аяусыз жауапқа тартылсын!
"Skat", "Bek air" сияқты әуекомпаниялардың жұмысы толық тексеруден өтпейінше, қызметі дереу тоқтатылсын! Елін, өз азаматтарының қауіпсіздігін ойламай, пайданы ғана ойлаған мұндай компанияларды әуе қызметтерін көрсетуден шеттету керек. Олардың пайдасын емес, азаматтарымыздың амандығын ойлауға тиіспіз.
Баяғыдан ел амандығы бірінші орында тұруы тиіс еді, бірақ оған жемқор жүйе мүмкіндік беруші ме еді?!
Бәріміз ұшып-қонып жүреміз, осыны ел боп, қоғам боп талап етейік, ағайын!
Ақберен Елгезектің әлеуметтік желідегі жазбасынан
Abai.kz