Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 6433 12 пікір 27 Желтоқсан, 2019 сағат 14:52

"Диалог орнату" деген - 30 жылда тиімді механизм жасалмағанын көрсетеді

"Билік пен халық арасына диалог орнату" дегенді ұға алмадым жалпы. Бұл не деген сөз? Биліктегілер аспаннан салбырап түскен бе? Әлде халық жер астынан шыққан ба? Неге олардың ортасында әлдебір белсенділер, әлдебір кеңес мүшелері немесе блогерлер "елші" боп жүгіріп жүруі керек?

Пәлен министр мен олардың орынбасарлары, жүздеген комитет қызметкерлері, облыс, аудан, ауыл әкімдері (мыңдаған адам), сонда "халық қалаулылары" (депутаттар) не істейді? Олар кімдер? Халық арасынан шықты емес пе?

Осы "диалог орнату" дейтін ұғымның өмір сүруі - 30 жылда ел басқарудың, мемлекеттік қызметтің тиімді механизмін жасай алмағанымызды көрсетеді. Бір қарағанда қолдан жасалған барьер.

Нұрбек Түсіпханның әлеуметтік желідегі жазбасынан

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5351