Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2204 0 пікір 22 Маусым, 2009 сағат 19:50

ҰБТ-дағы үздік нәтиже үшін ақтөбелік түлекке автокөлік сыйға тартылды

Ақтөбе. 22 маусым. ҚазТАГ. – Ақтөбеде дарынды балаларға арналған М. Құсайынов атындағы «Дарын» мектеп-интернатының түлегі Арман Құсайыновқа ұлттық бірыңғай тестілеуде (ҰБТ) ең жоғарғы нәтиже көрсетіп, 124 балл жинағаны үшін «ВАЗ-2107» жеңіл автокөлігі сыйға тартылды. Бұл сыйлықты оған облыс әкімі Елеусін Сағындықов демалыс күндері өткен «Жас дәурен-2009» жастар мен студенттер дәстүрлі фестивалі барысында табыс етті. Облыс мектептерінің 6 466 түлегіне кәмелеттік аттестаты салтанатты жағдайда табыс етілді.

«Биылғы жылы мектеп бітірушілер облыс бойынша орташа алғанда 77,6 балл жинады, бұл өткен жылдардағымен салыстырғанда, айтарлықтай көп. Салыстыру үшін айта кетейін,  2005 жылы ҰБТ бойынша орташа облыстық көрсеткіш 50 балл болған», - деп атап көрсетті Е. Сағындықов. 

Облыс басшысы ҰБТ қорытындысы бойынша республикадағы үздік жүз мектептің қатарына кірген ақтөбелік мектептердің оқытушылар ұжымына алғыс білдірді. Бұл -физика-математикалық мектеп, дарынды балаларға арналған М. Құсайынов атындағы «Дарын» мектеп-интернаты, қазақ-түрік лицейі, 9, 51, 32  мектептер және Шұбарқұдық гимназиясы.

Мектептердің директорларына «ҚР-дағы Ақтөбе облысының үздік мектептері» сертификаттары табыс етілді.

Е. Сағындықов «Алтын белгі» құрметті белгісінің иегерлері – 73 үздік түлекке  алғыс хаттар мен ноутбуктар табыс етті.

Сонымен қатар, 5 жас спортшы алғыс хатпен атап өтілсе, арнайы орта оқу орындарының үздік студенттеріне  65-140 мың теңге көлемінде 20 ақшалай грнат берілді, басқа 20 студент облыс әкімінің 95  мың теңге көлеміндегі шәкіртақысына ие болды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5527