Сәрсенбі, 25 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 4487 9 пікір 28 Қаңтар, 2020 сағат 14:05

Дубайдағы ЭКСПО-ға жұмсалатын қаржы қайта қаралуы мүмкін

Қазақстан Үкіметі биыл Дубайда өтетін ЭСПО көрмесіне жұмсайтын шығындарды қайта қарауы мүмкін. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты.

- Біз комиссия отырысында ЭКСПО не береді, құны қанша, тиімділігі неде және елге ЭКСПО арқылы қанша инвестиция тартуға болады, деген мәселелерді қарастырамыз. Егер комиссия осы шығындардың тиімді екенін дәлелдемесе, дұрыс шешім қабылданады. Жалпы, біз белгілі бір форумға қаражат салу мәселесін жан-жақты талқылаймыз, - деді министр Руслан Дәленов.

Қазақстанның 2020 жылы өтетін ЭКСПО көрмесіне қатысатынын Сауда министрлігі дәлелдеп отыруы керек. Осы уақытқа дейін, Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстан Дубайдағы ЭКСПО көрмесіне ел бюджетінен 9 млрд.теңге бөлінгенін айтқан.

Ал, ЭКСПО көрмесінде Қазақстан павильонын салу үшін ауданы 3,420 шаршы метрді құрайтын ең үлкен учаскелердің бірі берілген.

ЭКСПО 2020 - Дубай қаласында (БАӘ) өтетін бүкіләлемдік көрме. Көрмені өткізу орны 2013 жылы 27 қарашада Парижде Халықаралық көрме бюросының Бас ассамблеясында анықталды. Көрме 2020 жылдың 20 қазаны мен 2021 жылдың 10 сәуірі аралығында өтеді.

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2031