Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4116 1 пікір 5 Ақпан, 2020 сағат 10:46

Ильфа Жансүгірованың естелігі

Ілияс Жансүгіровтың қызы Ильфа Жансүгірованың естелігінен:

Абдолла Қарсақбаев әкемнің "Құлагер" поэмасын қайталап оқып, кино түсірсем деп құлшынып жүретін. Ол "Құлагерге" құлай берілді. Жатса, тұрса Құлагер жайында фильм түсіруді ойлайтын. Бір жолы қалалық атқару комитетінің саяжайында демалыста болатынбыз. Абдолла мен Санжар (Ильфаның күйеуі) бильяр ойнап жатқан. Бір уақытта жанындағы нөкерлерімен сол кездегі бір министр келіп қалды. Әлгі министр Абдолланы кемсітетін әлдебір сөз айтып, екеуі қатты тілге келіп қалды.

Абдолла тік мінезді, турашыл адам еді ғой. Осыдан кейін Абдоллаға "Құлагерді" түсіру бұйырмады. Бұл фильмді Түрікменстаннан келген Болат Мансұров деген жігіт түсірді. Шындығын айтсақ, фильм нашар түсірілді. Көңілден шыққан жоқ. Абдолла басқаша түсірер еді…

Әсет Ақмолданың әлеуметтік желідегі жазбасынан

Aba.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5346