Бейсенбі, 15 Мамыр 2025
Жаңалықтар 2312 0 пікір 21 Қыркүйек, 2011 сағат 15:00

Ақсу ферроқорытпа зауытының өндірісінде зардап шеккен жұмыскерлер Астанадағы медициналық орталықта емделеді

Павлодар. 21 қырқүйек. ҚазТАГ - «Қазхром» ТҰК филиалының Ақсу ферроқорытпа зауытының (АФҚ) өндірісінде зардап шеккен жұмыскерлер Астанадағы Республикалық жедел медициналық жәрдем орталығында емделеді.

Ақсу қалалық ауруханасынан хабарлағандай, зардап шеккен 27 және 30 жасар екі адам 20 қырқүйекте санитарлық авиацияның тікұшағымен республикалық жедел медициналық жәрдем орталығының жансақтау бөліміне аттандырылды.

Еске сала кетейік, 14 қырқүйекте өткен сәрсенбі күні сағат 00:38-де №6 цехта пеш ваннасы тесіліп, күмбез секцияларының бұзылуы салдарынан су пешке төгілген. Қызып тұрған шихта материалдары атылып, цехтың екі жұмыскері - балқытушы мен слесарь зардап шекті.

Ақсу қалалық ауруханасының хабарлауынша, денесі күйіп, бас-ми жарақатын алған  27 жасар жұмыскер ессіне әлі келмеген, ол жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. Күйіп қалған екінші жұмыскер бірнеше күннен кейін есіне келді. Екеуінің де жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланып отыр.

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2602
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4269