Сенбі, 19 Сәуір 2025
Жаңалықтар 1977 0 пікір 23 Маусым, 2009 сағат 08:37

Павлодар маңындағы ауыл тұрғындары үш күн бойына сусыз және жарықсыз отыр - өте қатты болған дауылдың салдары әзірге жойылған жоқ

Павлодар. 22 маусым. ҚазТАГ – Павлодар маңындағы Кенжекөл ауылының 4300 тұрғыны үш күн бойына жарықсыз және орталықтандырылған сумен жабдықталусыз  отыр. Онда 19 маусымда өткен қатты дауыл салдарынан Ертістің жағалауына орнатылған 110 Кв-тық электр желілерінің бірнеше темір бағаналары қирап қалған, деп хабарлайды ТЖ департаментінен. 

Апат салдары әлі күнге жойылмай отыр. Тек қана зақымданған темір бағаналарға апаратын жолдар ғана жөнделді. Өткен апта бойына құйып тұрған жауын өзен жағалауын техникамен жүруге жарамайтындай етіп тастады.

Павлодар электржелілік бөліп-тарату компаниясы (ПЭБК), ауыр жағдайға байланысты, жөндеу жұмыстары шамамен 24 маусымда аяталады деп болжауда.

Электр желілерінің темір бағаналары қирап қалу себептері туралы, ПЭБК АҚ бастығының міндетін атқарушы Федор Бодрухин, бағаналар 30-35 м/с жел жылдамдығына есептелгенін, ал бұл жердегі желдің ұйытқуы одан да асып кетуі мүмкіндігмен түсіндірді.

Қазір Кенжекөл ауылында тек жеке дизелді-электр станциялары барларда ғана жарық бар. Электр тогынсыз орталық су құбырының ұңғыма сорғышы да жұмыс істемейді, сондықтан ауыл тұрғындарына ауыз суды тасып жеткізу ұйымдастырылған.

Одан өзге, күшті жел көптеген үйлердің шатырларын бұзып кетті. Ал далада 21 жасар ауылдың бақташысына жай түсіп қайтыс болыпты.  

Бұл ретте, ТЖ департаментінде 19 маусымға облыс территориясында дауылдық ескерту болмағанын растады. Одан басқа, ахуалға әзірге төтенше жағдай мәртебесі берілмеген. 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2046
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4903
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4106