Дулат Ағаділдің өлімі көзімізді ашса, кəні
1938 жылдың 25 ақпанында НКВД жендеттері Сəкен бастаған ұлт зиялыларын оққа байлаған еді. Арада аттай 82 жыл өткенде қоғам белсендісі Дулат Ағаділ Тəуелсіз елдің абақтысында ажал құшты.
Тəуелсіз Қазақстанды НКВД елесінің кезіп жүргенін сезуші едік. Дулат Ағаділдің өлімі арқылы біз НКВД-ның шын бейнесін көрдік, бүгін олар өздерінің бет пердесін шешті. Жан алғыш əзірейіл бейнелі жүздері тым суық, қорқынышты екен.
Тəуелсіздік алғалы 30 жыл өтсе де, НКВД жендеттерінен арыла алмаппыз. Биліктегілер құқықтық мемлекет құрып жатырмыз деп ұрандаушы еді. Өтірік болып шықты. НКВД тұқымдары ел билеп отырғанда қайдағы құқықтық мемлекет?! Дулат Ағаділдің өлімі көзімізді ашса, кəні.
Бақұл бол, Дулат Ағаділ! Сен ел болу жолына құрбандық болып шалындың! Погонды жендеттердің жазасын алуын жұрт болып, талап етейік!
ГПУ, НКВД жүйесіне балта шаппай, көсегеміз көгермейді!
Ерлан Төлеутайдың әлеуметтік желідегі жазбасынан
Abai.kz